29.09.2026
КГУ «Атбасар қаласының №8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» кәсіподақ комитетінің төрайымы Достаева Сания Маратовна және мекеме басшысы Наймушина Светлана Георгиевна Білім беру қызметкерлері кәсіподағының Атбасар филиалының XVII кезекті есеп беру-сайлау конференциясына қатысты.
Конференцияның ұраны: «Кәсіподақ қозғалысының болашағын бірге айқындаймыз».
Конференция барысында кәсіподақ қызметінің маңызды мәселелері қаралып, атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылды және білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау бағытындағы алдағы қызметтің негізгі міндеттері айқындалды.
Конференцияның ерекше әрі қуанышты сәттерінің бірі – әріптестерімізді кәсіподақ қызметіне белсенді қатысқаны және жемісті еңбегі үшін марапаттау болды.
КГУ «Атбасар қаласының №8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мекемесінің басшысы Наймушина Светлана Георгиевна салалық кәсіподақтың «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Кәсіподақ комитетінің төрайымы Достаева Сания Маратовна салалық кәсіподақтың Астана және Ақмола облысы бойынша Құрмет грамотасымен марапатталды.
Светлана Георгиевна мен Сания Маратовнаны лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
Әріптестерімізге зор денсаулық, кәсіби жетістіктер, жаңа бастамалар және ұжым игілігі жолындағы еңбектеріне толағай табыс тілейміз!
Кәсіподақ – бірлік, қолдау және қорғау!
Болашақты бірге айқындаймыз!
